КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ конкурс жариялайды.
Лауазымы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ директорының орынбасары (1 мөлшерлеме).
Мекенжайы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ, Қостанай қ., Красносельская көшесі, 3
Біліктілік талаптары:
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге:
жоғары педагогикалық білім;
біліктілік санаты педагог-сарапшыдан төмен емес;
жұмыс өтілі 3–5 жыл.
Директор орынбасарының лауазымдық міндеттері қосымшада көрсетілген.
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтілі мен санатына байланысты 182 000 теңгеден 209 000 теңгеге дейін.
Конкурстың өткізілу күні мен орны: 2026 жылғы 30 сәуір, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ Қостанай қ., Красносельская көшесі, 3
Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны: 2026 жылғы 21–29 сәуір аралығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ Қостанай қ., Красносельская көшесі, 3
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (электронды немесе қағаз түрінде):
конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілуі тиіс – бар болса);
педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
біліктілік санатының бар екендігін растайтын куәлік (бар болса): басшы орынбасарының үшінші, екінші, бірінші санаты немесе педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер.
Бос лауазымға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Байланыс телефоны: 73-00-53
Қосымша
Лауазымдық нұсқаулық. Лауазымдық міндеттер
1. Жалпы ережелер
Директор тағайындайды және қызметтен босатады, тікелей директорға бағынады.
2. Функционалдық міндеттері:
Білім беру, әдістемелік және тәрбие процестерін ұйымдастыру, бақылау және талдау, сондай-ақ уақтылы есептілікті қамтамасыз ету.
3. Лауазымдық міндеттері:
Директордың орынбасары келесі міндеттерді атқарады:
3.1. Білім беру процесін ұйымдастырады.
3.2. Оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді, өзіне тікелей бағынатын қызметкерлердің жұмыс сапасын бақылайды.
3.3. Педагогикалық ұжым қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
3.4. Педагогтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді.
3.5. Ұйымдағы білім беру және тәрбие процестерінің сапасына, білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалаудың объективтілігіне, үйірмелер жұмысына бақылау жүргізеді.
3.6. Әдістемелік жұмысты және бағдарламалық-әдістемелік материалдарды дайындауды басқарады, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
3.7. Білім алушылар мен қызметкерлер үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, контингентті сақтау шараларын қабылдайды.
3.8. Ата-аналар арасында ағартушылық жұмыс ұйымдастырады.
3.9. Педагогтарға инновациялық бағдарламалар мен технологияларды әзірлеу және меңгеруде көмек көрсетеді.
3.10. Оқу сабақтарының кестесін жасайды.
3.11. Белгіленген есептік құжаттаманың уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
3.12. Педагогтарды аттестаттауға дайындық және өткізу жұмыстарына қатысады.
3.13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылу барысы мен тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізеді, жыл сайын директорға есеп береді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3.14. Педагогикалық және әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын өткізуге қатысады;
3.15. Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, жояды;
3.16. Ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және оның алдын алу тетіктерін әзірлейді;
3.17. Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ақпараттандыру және мониторингтің бірыңғай жүйесін қалыптастырады;
3.18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат және тәрбие жұмыстарын жүргізеді;
3.19. Ақпараттық саясаттың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
3.20. Педагогтар мен басшылық құрамды аттестаттау мәселелерін бақылайды;
3.21. Директор уақытша болмаған жағдайда (еңбек демалысы, уақытша еңбекке жарамсыздық, іссапар және т.б.) біліктілік талаптарына сәйкес директордың міндетін атқарушы болып тағайындалады:
– жоғары педагогикалық білім, педагог-сарапшы санаты, басшы орынбасарының екінші біліктілік санаты;
3.22. Ұстаз электрондық платформасын толтыруға жауапты.