КММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы мектебі» конкурс жариялайды:
Лауазымы: әдіскер (1 штаттық бірлік). 
Мекенжайы: Қостанай қаласы, Красносельская көшесі, 3-үй.
Біліктілік талаптары: конкурсқа қатысу үшін кандидаттарға: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесінде немесе тиісті бейін бойынша кемінде 2 жыл педагогикалық жұмыс өтілі болуы қажет; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 7 жыл, педагог-шебер үшін – 8 жыл болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі және орны: 2026 жылғы 02–11 қыркүйек аралығы, Қостанай қаласы, Красносельская көшесі, 3-үй.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: конкурс 2026 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай қаласы, Красносельская көшесі, 3-үй мекенжайы бойынша өткізіледі.
Байланыс ақпараты:
Анықтама телефоны: +7 (7142) 73-00-53 
Электрондық пошта: [email protected]