ГШТТ оқытушыларымен танысу – Робототехника үйірмесінің оқытушысы Сүлейменов Самат Нұрланұлы

Сулейменов Самат Нурланович
1995 жылы 7желтоқсанда Қостанай қаласындадүниеге келген. Қосымшабілім беру педагогы, «педагог– модератор».2018 жылыҚостанай мемлекеттік университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. Оқуын Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінде жалғастырып, 2020 жылы «Информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша бітірді. 2023 жылы жаратылыстану-ғылыми пәндер (информатика, робототехника және жобалау) бойынша педагогикалық қайта даярлау курстарын аяқтады.
Самат Нурланович еңбек жолын 2020 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ-де қосымша білім беру педагогы ретінде бастады. Осы білім беру мекемесінде «Робототехника» үйірмесінің басшысы қызметін жалғастыруда.
Самат Нурланович шығармашылық ойлау қабілеті бар, өз жұмысында дәстүрліжәне инновациялықәдістерді шебер үйлестіреді, ІТ, цифрлық,жобалық оқыту технологияларысияқты заманауи педагогикалықтехнологияларды таңдайды. Өзсабақтарында ол үш өлшемді модельдеуэлементтерін қолдануға тырысады, бағдарламалауды тереңдетеді, осылайша оқушыларғаинтеллектуалды және шығармашылықдаму үшінкең өріс береді.
Педагог ретінде оның мынадай жетістіктері бар:
- Авто, авиа, кеме модельдеу және бастапқы техникалық модельдеу бойынша облыстық жарыстарда қазылар алқасының мүшесі (2021-2022 ж.);
- Республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы және спикері.
Жоғары ынталы балалармен жұмыс істеуге, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға көп көңіл бөледі. Бұл жұмыстың нәтижесі келесі жетістіктер болды:
- IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау, ақпараттандыру және инновациялық технологиялар фестивалінің аймақтық кезеңі,2024 - Софин Нурдаулет, Амиров Арыстан – 3 орын;
- KazRoboSport – жарыстың облыстық кезеңі – Чирик Леонид – 1 және 3 орындар, 2022 жыл;
- KazRoboSport – жарыстың облыстық кезеңі – Русаков Александр – 1 орын, 2022 жыл;
- ROBOVISSION – робототехника бойынша аймақтық олимпиада – Резепов Максим – 2 орын, 2022 жыл;
- «Ұлы өнертабыстарға алғашқы қадамдар» республикалық байқауының облыстық кезеңі - Резепов Максим – 3 орын, 2023 жыл.
Алдағы уақытта педагог тәрбиеленушілерімен бірге инновациялық жобалармен жұмыс жасауда, барлық деңгейдегі олимпиадалар мен робототехника жарыстарына қатысуда.