Кеме модельдеушілердің көрсетілімдері Балаларды қорғау күні мерекесіне сән берді
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында қалалық көлде Техникалық шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері әсерлі көрсетілімдер ұйымдастырды. Жас кеме модельдеушілер мереке қонақтарына мектептің оқу шеберханаларында өз қолдарымен жасаған кеме үлгілерін басқару шеберліктерін көрсетті.
Көлдің айдын бетінде көрермендер әртүрлі катерлер мен кемелердің үлгілерін тамашалады. Олар түрлі маневрлер жасап, белгіленген қашықтықтарды сәтті жүріп өтіп, техникалық мүмкіндіктерін паш етті. Модельдерді суға жіберу арқылы ұйымдастырылған көрсетілімдер кеме модельдеумен айналысудың оқушыларға құрастырудың тәжірибелік дағдыларын меңгеруге, техникалық ойлау қабілетін, төзімділікті және күрделі жобалармен жұмыс істеу машықтарын дамытуға ықпал ететінін айқын көрсетті.
Мереке балалар мен ересектерге көптеген жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!