П.А.Ефанов атындағы автомодельдеу бойынша техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша қатысушылар жоғары дайындық деңгейін және нағыз спорттық рухты көрсетті.
Жарыс облыстың жас моделистері үшін жарқын оқиғаға айналып, техникалық шығармашылыққа, құрастыру ісіне және автомодель спортына қызығушылығы бар дарынды оқушыларды біріктірді.
Жыл сайын мектеп оқушылары арасында техникалық шығармашылық пен автомодельдеуге деген қызығушылық артып, ұсынылған жұмыстардың деңгейі де жоғарылауда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Барлық қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс, жаңа идеялар мен жарқын жеңістер тілейміз!