Бүгін Қостанай қаласындағы Техникалық шығармашылық мектебінің әдіскері, психологы Дукарская Лариса Анатольевна өз педагогикалық тәжірибесін таныстыру бойынша трансляция өткізді. Іс-шара Алтынсарин, Фёдоров аудандары және Лисаковск қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналды.
Трансляция барысында Қостанай облысының білім беру ұйымдарында педагогтер мен ата-аналардың тиімді өзара әрекеттесуін дамытуға бағытталған «Үндестік» облыстық жобасы ұсынылды. Жобаның өзектілігі мектеп пен отбасы арасындағы серіктестік қатынастарды қалыптастырудың маңыздылығымен түсіндіріледі, өйткені бұл білім алушыларды табысты оқыту, тәрбиелеу және жан-жақты дамыту үшін негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Қазіргі жағдайда ата-аналардың белсенді қатысуын арттыру, сенімді диалог орнату және білім беру үдерісіне қатысушылардың күш-жігерін біріктірудің маңызы артып отыр. Баяндама барысында жобаның мақсаттары, міндеттері және оны іске асырудың негізгі бағыттары ашып көрсетілді.
Ата-аналармен өзара әрекеттесудің практикалық түрлеріне ерекше назар аударылды: кеңес беру, тренингтер өткізу, жаңа форматтағы ата-аналар жиналыстары, ағартушылық іс-шаралар. Жобаның мазмұны ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға, ынтымақтастық мәдениетін дамытуға және «мектеп — отбасы» біртұтас тәрбиелік кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.