«Бастапқы техникалық модельдеу» және «Шебер қолдар» үйірмелерінің балалары «Елордаға – менің шығармашылығым» атты көрмеде өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Олар елордаға арналған: кәдесыйлар, макеттер және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Әрбір туынды жас шеберлердің шығармашылық ізденісін, туған жерге деген сүйіспеншілігін және шексіз қиялын айқын көрсетті.