Астана қаласында еліміздің барлық өңірлерінен келген ең мықты жас кеме модельдеушілердің басын қосқан кеме модельдеу спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXXI Чемпионаты жалғасуда. Бірнеше күн бойы қатысушылар кеме модельдерін басқару шеберлігін, техникалық дайындығын, дәлдігін, жылдамдығын және жарыс жағдайында шешім қабылдау қабілеттерін көрсетуде.

 

Біздің тәрбиеленушілеріміз команда намысын абыроймен қорғап, табандылықтарын, төзімділіктерін және жаттығу барысында меңгерген барлық дағдыларын танытуда. Әрбір жарысқа қатысу – өз күшін сынауға, құнды жарыс тәжірибесін жинақтауға және жаңа жетістіктерге тағы бір қадам жасауға мүмкіндік.

 

Біздің спортшыларымызға сәтті өнер көрсетіп, лайықты жеңістерге жетулеріне тілектеспіз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз және командамызға жанкүйер болуды жалғастырамыз! 🚤🏆