Астана қаласында Техникалық шығармашылық мектебінің командасы қатысатын кеме үлгісі спортынан республикалық чемпионат өтуде.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен күшті командалар жиналып, кемелердің үлгілерін құрастыру және басқарудағы шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар техникалық дайындықтың жоғары деңгейін, дәлдігі мен жылдамдығын көрсете отырып, түрлі модельдер сыныптарында сайысқа түседі.
Командамызға табысты старт, лайықты нәтижелер және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз! 🚤