Техникалық шығармашылық мектебі командасының республикалық жарыстағы жеңісі
Техникалық шығармашылық мектебінің командасы Орал қаласында өткен техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша республикалық жарыста жоғары нәтиже көрсетті.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік командалар қатысып, техникалық модельдеудің түрлі бағыттары бойынша өз білімдерін, инженерлік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін танытты. Жарыс бағдарламасына авиа-, зымыран-, дрон-, авто- және кеме модельдеу бағыттары енгізілді.
Біздің тәрбиеленушілер Қостанай облысының намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін, техникалық сауаттылығын және заманауи инженерлік шешімдерді тәжірибеде қолдана білу шеберлігін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша тартысты бәсекеде Техникалық шығармашылық мектебінің командасы командалық есепте ІІ жүлделі орынды иеленіп, республикалық деңгейдегі үздік командалардың біріне айналды.
Бұл жетістік – оқушылардың табанды еңбегінің, педагогтердің кәсібилігінің және ата-аналардың тұрақты қолдауының нәтижесі.
Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістерге, тың жобаларға және республикалық, халықаралық жарыстарда жарқын жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!